Түркияның екінші ракеткасы ойын барысында инсульт алып қалды
Түрік теннисшісі Алтуг Челикбилек Тунистегі турнирдің жартылай финалында инсульт алды. 28 жастағы спортшыны операцияға жіберу үшін Түркияға жеткізеді.
Оқиға Монастирдегі M15 турнирінің жартылай финалындағы Янки Эрелге қарсы бірінші геймнен кейін болды, сонда Челикбилектің миына қан құйылғаны хабарланды. Спортшы операциядан өтті, бірақ қазір ес-түссіз күйде жатыр.
"Спортшымыз Алтуг Челикбилектің денсаулығы Түркия теннис федерациясы мен елшіліктің жіті бақылауында. Біз оған және оның отбасы мүшелеріне барлық қажетті қолдауды көрсетіп жатырмыз. Оның тезірек сауығып кетуін тілейміз және теннис қоғамдастығын қазіргі жағдайдан хабардар етеміз", – делінген Түркия теннис федерациясының хабарламасында.
Челикбилекке Тунисте операция жасалды, ал кейінгі тексерулерден кейін оны Түркияға ауыстыру жоспарлануда. Егер оның жағдайы жақсарса, қосымша операция қажет болмайды.
WTA рейтингі: Кенжібекованың күшті серпілісі және басқа қазақстандық теннисшілердің орны.