locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Тимофей Скатов Римдегі Challenger турнирінің ширек финалында жарыс жолын аяқтады

Теннис 24 сәу 2025 11:57
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Тимофей Скатов Римдегі Challenger турнирінің ширек финалында жарыс жолын аяқтады
ФОТО: nur.kz

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Рим қаласында өтіп жатқан Challenger сериясындағы турнирде өнерін аяқтады. Ол ширек финал кезеңінде Аустрия өкілі Лукас Ноймайерге жол берді. Бұл екі ойыншының кәсіби деңгейдегі алғашқы кездесуі болды.

Матч өте тартысты өтті. Алғашқы сетте Ноймайер ерте брейк жасап, осы басымдығын сақтап қала алды - 6:3. Екінші партияда Скатов қарқынын арттырып, жетінші геймде брейк жасап, есепте алға шықты. Алайда сетке бергенде өз мүмкіндігін пайдалана алмай, қарсыласына қайта брейк жасап қойды. Сет тағдыры тай-брейкте шешілді, онда австриялық теннисші 7:3 есебімен басым түсті.

Challenger Рим. 1/4 финал. Жекелей сын
Лукас Ноймайер (Аустрия) — Тимофей Скатов (Қазақстан) — 6:3, 7:6 (7:3)

Бұл турнир Скатов үшін алдағы топырақ жабындысындағы маусымға дайындықтың бір кезеңі болды. Ол ширек финалға дейін сенімді ойын көрсетіп, алғашқы раундтардан сүрінбей өтті. Сонымен қатар, 1/8 финалда қарсыласының бас тартуына байланысты техникалық жеңіске жеткен еді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie