locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тиафо US Open-2024 жартылай финалына шықты

Twitter. Фрэнсис Тиафо

Америкалық теннисші Фрэнсис Тиафо өз жерінде өтіп жатқан маңызды турнир US Open-2024 жартылай финалына шықты

Ширек финалда рейтингте жиырмасыншы орында тұрған Тиафо рейтингте тоғызыншы тұрған болгариялық Григор Димитровқа қарсы ойнады. Бірінші сетте америкалық жеңсе, екінші сетте тай-брейкте жеңілді, бірақ үшінші сетте жеңді. Ал төртінші сетте 4:1 есебімен жеңіліп жатқан Димитров жарысты орта жолдан тоқтатты.

Осылайша, Фрэнсис Тиафо жартылай финалға шықты. Ол жартылай финалда неміс Александр Зверевті жеңген отандасы Тэйлор Фритцпен кездеседі.

US Open-2024, ерлер, ширек финал

Григор Димитров (Болгария, 9) – Фрэнсис Тиафо (АҚШ, 20) – 3:6, 7:6 (7:5), 3:6, 1:4 RET.