locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Тарихта тұңғыш рет Қазақстан жасөспірімдер құрамасы World Junior Tennis Competition іріктеу турнирінің финалына шықты

Теннис 14 сәу 2025 03:52
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Тарихта тұңғыш рет Қазақстан жасөспірімдер құрамасы World Junior Tennis Competition іріктеу турнирінің финалына шықты
Фото: ktf.kz

Теннистен 14 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы World Junior Tennis Competition іріктеу турнирінің финалына жолдама алды.

Малайзияның Кучинг қаласында өтіп жатқан Азия/Океания аймағы бойынша іріктеу турнирінің финалына шыққан командалар анықталды.

Бірінші ойында Хақназар Жеткербай қарсыласын сенімді жеңіп, Қазақстанды алға шығарды. Екіншісінде Ахмади Мақанов қарсыласына есе жіберіп, командалар есебі теңесті. Үшінші ойында жұптық сында Ахмади Мақанов пен Хақназар Жеткербай жеңіске жетіп, құраманы финалға алып шықты.

Осылайша, 14 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында алғаш рет іріктеу турнирінің финалына жолдама алды.

Бұған дейін қазақстандық жас теннисшілер Қытай Тайбэйін 2:1 есебімен жеңген болатын.

Ертең Сағадат Аяптың шәкірттері финалда Жапониямен бас жүлдені сарапқа салады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie