Соня Жиенбаева Мадридтегі ITF жартылай финалына жолдама алды
18 жастағы қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Мадридте өтіп жатқан ITF W15 турнирінің жартылай финалына шықты. Ширек финалда WTA рейтингінде 781-ші орында тұрған Жиенбаева турнирдің үшінші ракеткасы америкалық Эми жуды (532 WTA) 7:6 (7:0), 6:4 есебімен жеңді.
Ширек финалға дейін Жиенбаева қиын қарсыластармен кездесті. 1/16 финалда ол испаниялық Сервино Руисті үш сетте жеңді— 6:2, 4:6, 6:0. 1/8 финалда Соня ресейлік Анастасия Ямачкинаны 6:2, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңді.
Жартылай финалда Жиенбаева әлемдік рейтингте 419-шы орында тұрған, турнирдің бірінші ракеткасы саналатын швейцариялық Дженни Дерстпее кездеседі.
ITF W15 Мадрид. Хард. Ширек финал
Соня Жиенбаева (Қазақстан) – Эми Жу (АҚШ) – 7:6 (7:0), 6:4
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52