locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Соня Жиенбаева Мадридте өткен ITF W15 турнирінің чемпионы атанды

Соня Жиенбаева Мадридте өткен ITF W15 турнирінің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева (781 WTA) Мадридте өткен ITF W15 турнирінде жеңіске жетті.

Соңғы матчта ол ұлыбританиялық Элис Гилланмен (419 WTA) кездесті. Жекпе-жек 18 жастағы қазақстандық теннисшінің жалпы есеппен сенсациялық жеңісімен аяқталды 2-1: 6:1, 5:7, 6:1.

Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы айналымда Соня турнирдің алғашқы ракеткасын жеңді – швейцариялық Дженни Дерст (419 WTA). Бұл жекпе жек қазақстандық теннисшінің екі сеттегі жеңісімен аяқталды (7:6 (7:5), 6:2).

ITF W15 Мадрид. Хард. Финал
Соня Жиенбаева – Элис Гиллан— 2:1 (6:1, 5:7, 6:1).