locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Соболенко WTA 1000 Цинциннати турнирінде топ жарды. Арина қарсыласының жеңісті сериясын тоқтатты

Соболенко WTA 1000 Цинциннати турнирінде топ жарды. Арина қарсыласының жеңісті сериясын тоқтатты

WTA 1000 Цинциннати хард төсенішінде өткен турнирде беларусьтік теннисші Арина Соболенко екі сет қорытындысы бойынша америкалық Джессика Пегуланы жеңді.

Осы жеңістің арқасында Соболенко WTA рейтингінде үшінші сатыға көтерілді. Ал америкалық Пегула алтыншы орында қалды.

Цинциннати финал

Арина Соболенко (Беларусь) [3] – Джессика Пегула (США) [6] – 6:3, 7,5

Кездесу 1 сағат 16 минутқа дейін жалғасты.

Финалдық кездесуде екі теннисші кордтағы жетінші кездесуін өткізді. Қарсыласынан бес рет басым түскен Соболенко үлкен басымдықпен алда келеді.

Бірінші сетте беларусьтік теннисші еш қиындықсыз жеңіске жетті. Ал екінші сетте америкалық теннисші геймдер бойынша ұпайды теңестіріп, қарсылық таныта білді. Джессиканың табандылығына қарамастан Соболенко еркін жүріп өз үстемдігін орнатып, турнир финалында жеңіске жетті.

Трофейге жету үшін жолында Соболенко әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті (Польша) жеңді. Сонымен қатар, ол турнирдің 1/16 финалынан бастап барлық қарсыласын екі сетте жеңді.