Скатов Жиронадағы «Челленджер» турниріндегі өнерін тоқтатты
Теннис
28 нау 2025 08:10

Арсен Алиев

ФОТО: Getty Images
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Испанияның Жирона қаласында өтіп жатқан топырақ жабындысындағы «Челленджер» сериялы турнирінің жартылай финалына шыға алмады.
Ширек финалда 24 жастағы спортшы сербиялық Душан Лайовичке 2:6, 4:6 есебімен жол берді. Кездесу 1 сағат 31 минутқа созылды.
Girona Chall. Ерлер. Топырақ жабынды. ¼ финал
Лайович – Скатов – 6:2, 6:4
Қазіргі таңда Скатов ATP рейтингінде 175-орында тұр, ал Лайович 108-сатыда орналасқан.
Каталониядағы турнирдің жүлде қоры 145 250 еуроны құрайды. Жеңімпаз 100 рейтингтік ұпай мен 20 630 еуро көлемінде сыйақы алады.
Танымал жаңалықтар

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек