Скатов US Open турнирінің алғашқы раундында ірі жеңіліске ұшырады
US Open турнирі қарқынды жалғасуда. Тимофей Скатов жекелей сын жарысын бастады.
Тимофей Скатов алғашқы кездесуінде польшалық Хуберт Гуркачқа ірі есеппен жеңіліп, Александр Бубликпен ілесіп, турнирдегі жолын аяқтады. Гуркач келесі кезеңде австралиялық Джордан Томпсонмен кездеседі.
US Open, 1/64 финал, 27 тамыз
Тимофей Скатов (Қазақстан) [188] – Хуберт Гуркач (Польша) [7] – 3:6, 6:7 (4:7), 6:7 (3:7)
Кездесу жалпы 2 сағат 55 минутқа созылды.
Бірінші сетте Хуберт Тимофейге мүмкіндік бермеді. Екінші сет барысында қос теннисшінің өзара қателіктеріне байланысты ойын тай-брейкке өтті. Теннисшілер тепе-теңдікті сақтап, қатарласа ойнаса да, польшалық ойынның бағытын өз пайдасына шеше алды. Скатов жеңіс үшін күресіп, Хубертке қиындық тудырды. Үшінші сет те жанкүйерлерге тағы бір тай-брейк сыйлады. Тимофей тай-брейкте үш рет доп беруден қателесті және жеңіліске ұшырады.
Бұл теннисшілердің өзара тарихындағы алғашқы кездесуі.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52