Скатов Уимблдон-2025 турнирінің іріктеуін жеңіспен бастады
Италиялық қарсыласын сенімді жеңген қазақстандық теннисші негізгі кезеңге жолдаманы көздейді
Теннис
23 мау 2025
07:51

Арсен Алиев
Редактор

ФОТО: Getty Images
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Уимблдон-2025 турнирінің іріктеу кезеңін сәтті бастады.
Бірінші айналымда ол италиялық Стефано Наполитаноны сенімді түрде ұтып, келесі кезеңге жолдама алды - 6:1, 6:4.
Ойын 1 сағат 25 минутқа созылды. Қазіргі таңда Скатов ATP рейтингінде 212-орында тұр.
Уимблдон, Ұлыбритания. ATP – Іріктеу кезеңі
Скатов – Наполитано – 6:1, 6:4
2025 жылғы Уимблдон турнирінің іріктеуінде Қазақстан атынан Тимофей Скатовпен қатар Михаил Кукушкин мен Бейбіт Жукаев өнер көрсетуде. Ал Дмитрий Попко жарысты алғашқы айналымда аяқтады.
Турнирдің негізгі сеткасында еліміздің намысын Александр Бублик пен Александр Шевченко қорғайтын болады.
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 08:37

Футбол
Бүгін 08:11
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек