locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Скатов Алматыдағы турнирдің бірінші айналымында жеңіліп қалды

ФОТО: Getty Images
Скатов Алматыдағы турнирдің бірінші айналымында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Алматыда өтіп жатқан АТР 250 турнирінің жекелей сынында өнер көрсетті. Қазақстандықтың қарсыласы чехиялық Томаш Махач болды.

Нәтижесінде, Тимофей екі сетте қарсыласынан жеңіліп қалды. Скатов жекпе-жекті тартысты өткізді, бірақ бұл жеңіске жету үшін жеткіліксіз болды.

ATP 250 Almaty Open, 1/16 финал, 16 қазан

Тимофей Скатов (Қазақстан, АТР 192) - Томаш Махач (Чехия, АТР 25) – 3:6, 4:6

Спортшылар кортта 1 сағат 20 минут өткізді. Бұл жекпе-жек теннисшілердің алғашқы жекпе-жегі болды.

Келесі раундта Чехия өкілі тағы да қазақстандық спортшымен ойнайды. Бұл жолы Томашқа Бейбіт Жұқаев қарсы шығады.

Финалдың 1/8 матчы 17 қарашада, Астана уақытымен сағат 11:00-де басталады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie