Синнер Римдегі «Мастерс» турнирінің ширек финалына өтті
Теннис
14 мам 2025
00:05

Абылай Сеитов
Журналист

ФОТО: РБК
Әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер Римде өтіп жатқан ATP Masters 1000 турнирінде сәтті өнер көрсетуді жалғастырып жатыр. 1/8 финалда италиялық теннисші аргентиналық Франсиско Черундолоны (әлемнің 18-ракеткасы) сенімді түрде жеңді – 7:6(3), 6:3.
ATP Masters 1000. Рим (Италия). 1/8 финал
Янник Синнер (Италия) – Франсиско Черундоло (Аргентина) – 2:0 (7:6(3), 6:3)
Кездесу екі сағат 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Синнер екі эйс жасап, 12 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Жартылай финалға жолдама үшін ол Каспер Рууд пен Хауме Муньяр арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Елена Рыбакина «Ролан Гарростан» кейін Лондонда өтетін турнирге қатысады.
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 17:58


Футбол
Бүгін 17:16
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек