locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Синнер: Енді бұл қиын кезең мен ситуацияны артқа қалдырамын

Синнер: Енді бұл қиын кезең мен ситуацияны артқа қалдырамын

Әлемнің бірінші ракеткасы алғаш рет допингке қатысты айып таққандарға пікір білдірді. Италиялық дисквалификацидан құтылғанымен, турнир жүлделері мен қосымша ұпайдан құр қалды.

"Енді мен бұл қиын кезең мен ситуацияны артқа қалдырамын.

Мен халықаралық теннистегі адалдық агенттігінің (ITIA) допингке қарсы бағдарламасын ұстануды жалғастыра беремін. Менде нормалар бойынша жұмыс жасайтын команда бар", – деді Синнер.

Жақында Янник Синнер Цинциннатиде өткен ATP 250 Masters турнирінде чемпион атанған болатын. Финалдағы жеңіс спортшының жүлделерін арттырды – қазір италиялық еншісінде ATP турнирінің 15 трофейі бар.