locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Синнер – ATP 1000 Masters турнирінің жеңімпазы атанды

Синнер – ATP 1000 Masters турнирінің жеңімпазы атанды

20 тамыз күні түнде ATP 1000 Цинциннати турнирінің финалы өтті. Әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер америкалық теннисші Френсис Тиафуға қарсы тұрды.

Италиялық Янник Синнер екі сет қорытындысы бойынша жеңіске жетіп, турнир жеңімпазы атанды.

Цинциннати, финал, 20 тамыз.

Янник Синнер (Италия) [1] – Френсис Тиафу (АҚШ) [20] – 7:6(7:4), 6:2

Финалдық бәсеке 1 сағат 38 минутқа жалғасты.

Трофей үшін өткен кездесу теннисшілер үшін бесінші кездесу болды. Италиялық айқын басымдықпен алда келеді. Финалдағы жеңіс Янник үшін төртінші болып тіркелді. Френсис бар болғаны бір рет қана жеңіске жеткен.

23 жастағы Синнер соңғы 16 жалдағы ATP турнирінің ең жас жеңімпазы атанды. Теннисші ATP турнирлеріндегі чемпиондық атақтарын жаңартты, қазір ода 15 жеңіс бар.

Жартылай финалда Янник қиын қарсыласпен кездесті. Әлемнің үшінші ракеткасы Зверевті жеңген болатын.