locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Сағындықова Египеттегі турнирдің екінші кезеңіне өтті

Сағындықова Египеттегі турнирдің екінші кезеңіне өтті
Сағындықова Египеттегі турнирдің екінші кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова Египет Шарм Эль Шейхте өткен ITF W15 турнирінің басында сенімді жеңіске жетті.

Бірінші айналым матчында 19 жасар Сағындықова жетінші нөмірге себілген жергілікті теннисші Ясмин Эззатты жеңді. Бірінші сет ұзаққа созылып, тай-брейкпен аяқталды, ал екінші партияда Сағындықова қарсыласына бірде-бір мүмкіндік бермеді. Матч екі сағатқа созылды.

Екінші айналымда Аружан Сағындықова британдық Аннабел Ламмес пен неміс теннисшісі Анн Сеуки жұбының жеңімпазымен кездеседі.

ITF W15 Egypt 17 Sharm Elsheikh Women ' s Future, Шарм эль Шейх, Египет, бірінші айналым

23 қазан

Аружан Сағындықова (Қазақстан) - Ясмин Эззат (Египет, 7) - 7:6 (10:8), 6:0.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie