Римдегі беделді турнирдің ширек финалына шыққан теннисшілер анықталды


12 мамыр күні Италия астанасында WTA 1000 санатындағы беделді топырақты турнирдің 1/8 финал кезеңі мәресіне жетті. Осылайша, жарыстың ширек финалына жолдама алған теннисшілер белгілі болды.
Римдегі турнирдің ширек финалындағы жұптар келесідей:
Мирра Андреева (Ресей) — Кори Гауфф (АҚШ)
Арина Соболенко (Беларусь) — Чжэн Циньвэнь (Қытай)
Диана Шнайдер (Ресей) — Жасмин Паолини (Италия)
Элина Свитолина (Украина) — Пейтон Стирнс (АҚШ)
Матчтар 13-14 мамырға жоспарланған.
Айта кетейік, турнирдің өткен жылғы чемпионы, әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швёнтек жарысты екінші айналымда аяқтады. Ол америкалық Даниэль Коллинзге 1:6, 5:7 есебімен есе жіберді.
Рыбакина Андреескуке есе жіберіп, Римдегі беделді турнирден шығып қалды.

Футбол
Бүгін 13:52

Футбол
Бүгін 11:12