locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина өзінің бапкерімен жұмысын тоқтатты

Фото: X (witter)

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Хорватиялық бапкер Стефано Вуковпен жұмысын тоқтатқанын айтты.

“Стефаномен бес жылдан кейінгі жұмыстан кейін біз бірге жұмыс жасамаймыз. Корттағы жұмысы үшін рахметімді айтамын және де оған барлық жақсылықты тілеймін. Барлығыңызға қолдауларыңыз үшін рахмет!”, - деді теннисші Sports.kz порталына.

15 тамыз Рыбакина Лейла Фернандеске қарсы (WTA #24) Цинцинаттиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің бірінші ойынында жеңіліс тапты. Бұл жеңіліс бапкердің қызметінен кетуімен байланысты болуы мүмкін.

US Open турнирінде Рыбакина 26 тамызда, Австриялық Дестин Айваға қарсы өнер көрсетеді. Кездесу Астана уақытымен 20:00 де басталады.