Рыбакина жарақатына қарамастан Australian Open-2025 турнирінің 1/8 финалына шықты


Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымында Украина өкілі Даяна Ястремскаяға (әлемнің 33-ракеткасы) қарсы ойнады.
Бірінші сетте есеп 2:1 Қазақстан теннисшісінің пайдасына болғанда, Рыбакина бел омыртқасындағы ауырсынуға байланысты медициналық көмекке жүгінді. Бірақ ол қайтадан кортқа оралып, сетті сенімді түрде 6:3 есебімен жеңіп алды. Екінші сетте Еленаға қайтадан дәрігердің көмегі қажет болды, бірақ ол кездесуді 6:4 есебімен жеңіспен аяқтады.
Ойын барысында Рыбакина екі эйс жасады, ал Ястремская бес эйс жасап, екі теннисші де төрт қосарлы қате жіберді. Қазақстандық теннисші 11 брейкпойнттан үшеуін пайдаланды.
Енді 1/8 финалда Елена Рыбакина америкалық теннисшілер Мэдисон Киз (14) мен Даниэль Коллинз (11) арасындағы жеңімпазға қарсы ойнайтын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Australian Open-2025 Елена Рыбакина үшін екі сенімді жеңіспен басталды: алдымен ол австралиялық Эмерсон Джонсты 6:1, 6:1 есебімен жеңсе, кейіннен американдық Ива Йовичке қарсы 6:0, 6:3 есебімен басым түсті.
Путинцева Australian Open-2025 турниріндегі өнерін аяқтады, Касаткинаға жол берді

Басқа спорт түрлері
Бүгін 07:45


Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:30