Рыбакина жаңа бастамаларға ұмтылады: мақсаты – әлемнің бірінші ракеткасы болу
Теннис
07 қара 2024 01:21
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: Getty images
Әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина “Үлкен дулыға” турнирлеріндегі трофейлер коллекциясын толықтыруға ниетті екенін мәлімдеді. Бүгінгі таңда Рыбакинаның қоржынында тек бір мейджор атағы бар – 2022 жылғы Уимблдон.
“Менің алдыма қойған арманым– “дулығаларды” жеңіп алу. Ал басты мақсат – бір күні әлемнің бірінші ракеткасы болу. Бұл келесі жылы жүзеге асады деп үміттенемін”, – деп келтіреді Рыбакинаның сөзін The Tennis Letter.
Айта кетейік, жуырда Елена Рыбакина WTA маусымын аяқтап, Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA Финалдық турнирінде әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңді.
Танымал жаңалықтар
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20