locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина жаңа бапкері туралы айтты

Рыбакина жаңа бапкері туралы айтты

Қазақстанның бірінші ракеткасы (WTA #4) US Open 2024 турнирінің алдында Стефан Вуковпен жұмысын тоқтатып, Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасының капитаны Юрий Щукинмен бірге жұмыс істеп бастаған болатын.

"Әрине, бәрі басқаша болды. Біз бес жыл бірге жұмыс жасадық, мені Юрий Щукин қолдады. Біз жаңа тактика құрдық, мен матчқа дайын болдым. US Open алдындағы маңызды шешім бе? Мен бұл туралы көп айтқым келмейді, бірақ иа, бұл біздің ортақ шешім болды. Тағы да бапкерді ауыстыратын болсам сіздерге айтамын," - деді Рыбакина Championat.com.

Еске сала кетейік, Рыбакина US Open 2024 турнирін австралиялық Дестани Айяваны жеңіп, сенімді бастады.