locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Рыбакина WTA рейтингінде бір позиция жоғалтады

Sports.kz. Елена Рыбакина

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингінде бір позиция жоғалтады, деп хабарлайды Sports.kz.

Хабарланғандай, америкалық Коко Гофф Қытайдың Бейжіңінде өткен WTA 1000 турнирінің финалында чехиялық теннисшісі Каролина Мухованы жеңгеннен кейін, ол алтыншыдан төртіншіге дейін көтеріледі. Ал Рыбакина осылайша бесінші сатыға түседі.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Елена Рыбакина көптеген турнирлерден, соның ішінде Бейжіңдегі WTA 1000, Олимпиада ойындарынан және US Open 2024-тен бас тартқан болатын. Бұл үшін жанкүйерлер оны "турнирлерден бас тарту ханшайымы" деп атап кетті.