Рыбакина WTA қорытынды турнирде Соболенконы жеңгені жайлы пікір білдірді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемдік рейтингтегі №5) Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде бірінші ракетка Арина Соболенконы жеңгеннен кейінгі әсерімен бөлісті.
“Бұл өте ауыр матч болды. Мен жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Жылдың соңын әлемнің бірінші ракеткасын жеңумен аяқтау ерекше сезім. Оның турнирде жеңіске жету мүмкіндіктері жоғары, сондықтан оған тек сәттілік тілеймін. Мен өзімді бақытты сезінемін. Баршаңызға қолдауларыңыз үшін алғысымды білдіремін.
Бұл жерде мен әр матч сайын біртіндеп жақсарып отырдым. Ұзақ үзілістен кейін бұл оңай емес”, - деп өз ойымен бөлісті Рыбакина The Tennis Letter басылымына.
Айта кетейік, Рыбакина Соболенконы үш сетте (6:4, 3:6, 6:1) жеңгенімен, өз тобында 4-ші орынды иеленіп, жартылай финалға шыға алмады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52