Рыбакина орнын сақтап қалды, Құламбаева WTA жаңа рейтингінде өз орнын жоғалтты
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингін жариялады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өз орнын сақтап, рейтингте алтыншы орында қалды, ал Юлия Путинцева 29-орынды иеленуде.
Жібек Құламбаева алты сатыға төмендеп, 334-орынға түссе, Зарина Диас та алты орын жоғалтып, 389-орынға тұрақтады.
Топ-1000 ішіндегі қазақстандықтардың арасында Соня Жиенбаева (633-орын, өзгеріссіз), Анна Данилина (896-орын, -1 позиция), Сандуғаш Кенжебаева (903-орын, +1 позиция) және Аружан Сагандикова (945-орын, -3 позиция) бар.
Әлемдік рейтингтің үздік үштігінде өзгерістер болмады. Әлемнің бірінші ракеткасы ретінде беларусьтік Арина Соболенко көш бастап тұр, ал үздік үштікте польшалық теннисшісі Ига Швёнтек пен америкалық Коко Гауфф бар.
Футбол
Бүгін 03:45
Хоккей
Бүгін 03:40
Басқа спорт түрлері
Бүгін 03:15