locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина мен Путинцева WTA рейтингіндегі жаңа орындарын білді

Рыбакина мен Путинцева WTA рейтингіндегі жаңа орындарын білді

Цинциннатиде өткен WTA 1000 турнирінен кейін, WTA жаңа рейтинг жариялады, бұл Sports.kz хабарлады. Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева да жаңа орындарын білді.

Көш басында 7855 ұпаймен польшалық Ига Швентек қалды. Арина Соболенко WTA 1000 турниріндегі жеңісінен кейін 5876 ұпаймен екінші орынға көтерілді.

Елена Рыбакина 4911 ұпаймен үшінші орынға түсіп қалды. Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева 4 сатыға жоғарылап 26-шы болып тұр.

Айта кетейік, Рыбакина Цинциннати турнирінде алғашқы ойынында ұтылған еді. Ол екінші айналымда канадалық Лейла Фернандеске есе жіберді.