locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Рыбакина Мадридтегі беделді турнирде Свитолинаға жол берді

Теннис 27 сәу 2025 15:48
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
Рыбакина Мадридтегі беделді турнирде Свитолинаға жол берді
Рыбакина Мадридтегі беделді турнирде Свитолинаға жол берді

27 сәуір күні Мадрид қаласында өтіп жатқан беделді турнирдің 1/16 финалында қазақстандық Елена Рыбакина мен украиналық Элина Свитолина кортқа шықты.

Кездесу екі сетте аяқталып, украиналық теннисші 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

WTA 1000. Madrid Open. 1/16 финал
Елена Рыбакина (Қазақстан, 10) – Элина Свитолина (Украина, 17) – 0:2 (3:6, 4:6)

Бұған дейінгі кезеңде Рыбакина канадалық Бьянка Андреескуды жеңсе, Свитолина британдық Сонай Карталдан басым болды.

1/8 финалда Элина грек теннисшісі Мария Саккаримен кездеседі.

Айта кетейік, биылғы Мадрид турнирінің жүлде қоры 7 854 000 еуроны құрайды. Жекелей сында топ жарған теннисші 985 030 еуро мен 1000 рейтингтік ұпай иеленеді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie