Рыбакина Берлиндегі турнирдің 1\/8 финалында Синякова немесе Томовамен кездесуі мүмкін
Теннис
15 мау 2025
12:21

Арсен Алиев
Редактор

ФОТО: Getty Images
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Берлинде өтіп жатқан беделді турнирдің 1/8 финалында кіммен кездесуі мүмкін екені белгілі болды.
Келесі кезеңде ол чехиялық Катерина Синякова немесе болгариялық Виктория Томовамен кортқа шығуы ықтимал. Екі спортшы да жарыстың негізгі кезеңіне іріктеу арқылы өтті.
Айта кетейік, Катерина Синякова - әйелдер арасында жұптық сында әлемнің бірінші ракеткасы саналады және тәжірибелі, қауіпті қарсылас ретінде танымал.
Алайда бұл кездесуге дейін Рыбакина алғашқы айналымда Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен ойнайды. Бұл матч дүйсенбі, 16 маусым күні өтеді деп жоспарлануда.
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 08:37

Футбол
Бүгін 08:11
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек