Рыбакина US Open 2024 турнирінен неге бас тартқанын түсіндірді
Қазақстанның бірінші ракеткасы (WTA #4) Америкадағы маңызды турнир саналатын US Open-2024 турнирін екінші айналымынан тоқтатты. Осылай Рыбакина денсаулығына байланысты турнирге қатыспай қалуы немесе орта жолдан бас тартуы сегізінші рет қайталанды.
US Open-2024 турнирінің екінші айналымында Рыбакина франциялық Джессика Поншемен (#143) кездесуі керек еді, бірақ кездесуге 3 сағат қалғанда бас тартты. Бұл шешім денсаулығына зиян қабылданды.
"Өкінішке қарай, жарақаттарымның кесірінен бүгінгі матчтан бас тартуға мәжбүр болдым. Маусымның соңғы үлкен турнирін осылай аяқтағым келмеген еді, бірақ денсаулығыма мән беруім керек. Маусымды жақсы аяқтаймын деп үміттенемін. Мені қолдап жүрген жанкүйерлерге алғысым шексіз. Турнирде қалған ойыншыларға сәттілік тілеймін," - деді Рыбакина WTA баспасөз қызметіне.
Елена Рыбакина бұған дейін Дубайда, Индиан-Уэллс, Рим, Берлин, Истибурн, Торонто турнирлері ман Париж Олимпиадасынан да шет қалған еді. Себеп бронхит, ішек-құрылыс аурулары және графиктің өзгеруі. Бұл мәселелерге қарамастан Рыбакина 2024 жылы 14 турнирге қатысып, 3 жүлде жеңіп алды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52