locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина 2024 жылғы US Open турниріне қатысудан бас тартты

Рыбакина 2024 жылғы US Open турниріне қатысудан бас тартты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2024 жылғы US Open америкалық турниріне қатысудан бас тартты .

Рыбакинаның турнирден не үшін бас тартқаны жайлы әлі хабарланған жоқ. Бүгін ол екінші раундта француз теннисшісі Жессика Поншеге қарсы ойнауы керек болатын.

Еске сала кетейік, Елена Рыбакина биылғы маусымда 2024 жылғы Олимпиада ойындарындағы теннис турниріне де қатыса алмады.