Рафаэль НАДАЛЬ: "Менің ойымша, бұл менің мансабымдағы соңғы жалғыз матч болды"
Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль Дэвис кубогындағы жеңілісінен кейінгі эмоцияларымен бөлісті. Испаниялық теннисші Ботик ван де Зандшульптен 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
"Менің ойымша, бұл менің мансабымдағы соңғы жалғыз матч болды.
Карлос пен жұп жеңеді деп үміттенемін. Жартылай финалға жететін болсақ, Роберто Баутиста Агуттың ойнағаны дұрыс болуы мүмкін. Корттағы деңгейімді көргеннен кейін мен Феррердің орнында болсам, өзімді таңдамас едім.
Бірақ бұл менің шешімім емес, егер Дэвид ойнағанымды қаласа, мен дайын боламын, бұл үшін соңына дейін жұмыс істеймін. Егер бұл қажет болмаса, мен өз командамды қосалқы құрамнан қолдаймын", - деді Надаль өзінің баспасөз мәслихатында.
Естеріңізге сала кетейік, Рафаэль Надаль бұған дейін Дэвис кубогының финалдық кезеңінен кейін мансабын аяқтайтынын хабарлаған болатын.
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52
Басқа спорт түрлері
Бүгін 08:27