locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Путинцева - Саккаримен болған жағдай туралы: Құшақтау ережесін ұстанбаймын

Қазақстандық теннисші тордың жанындағы шиеленісті сәтке пікір білдіріп, қарсыласының ерекше сәлемдесу мәнерін атап өтті
Теннис 23 мау 2025 06:58
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Путинцева - Саккаримен болған жағдай туралы: Құшақтау ережесін ұстанбаймын
ФОТО: Getty Images

Әлемнің 34‑ракеткасы, қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Бад‑Хомбургтегі турнирдің алғашқы айналымында грек спортшысы Мария Саккаримен өткен матчтағы оқиға туралы ойымен бөлісті.

Кездесу аяқталған соң спортшылар қол алысып, бір‑бірімен қысқа ғана тілдесті. Бірақ Саккаридің айтқан бір сөзі Путинцеваға ұнамаған сыңайлы - Юлия оған мысқылдап бас иіп, жауап қайтарды. Осыдан соң грек теннисшісі қайта бұрылып келіп, тордың жанында бірнеше секунд бойы дауыс көтере сөйлесті.

«Шынын айтсам, бұл маған әсер еткен жоқ. Мен қолымды көптеген әйелдер сияқты қыстым. Бірақ, кейбір ер адамдар ұстанатын «ерекше құшақтау ережесіне» сай келмеген сияқтымын», - деп жазды Путинцева әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

Матч екі тартысты сетпен аяқталды - 7:5, 7:6 (8:6), жеңіс грек теннисшісінің еншісіне тиді.

Сондай‑ақ Саккари да Путинцевамен болған жанжал туралы пікір білдірді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie