locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Путинцева Майамидегі турнирде күтпеген жеңіліске ұшырады

Теннис 20 нау 2025 23:03
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Путинцева Майамидегі турнирден күтпеген жеңіліске ұшырады
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева, әлемдік рейтингте 24-орында тұрған спортшы, Майамиде өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы беделді турнирдің үшінші айналымына шыға алмады.

Турнирдің екінші кезеңінде 19-нөмірлі Путинцева әлемдік рейтингтің 90-сатысында тұрған америкалық Тэйлор Таунсендке қарсы ойнап, 6:7 (2:7), 6:1, 1:6 есебімен жеңіліп қалды. 28 жастағы Таунсенд бұл жарысты іріктеу кезеңінен бастаған болатын.

Матч 2 сағат 8 минутқа созылды. Осы уақытта Юлия бір эйс жасап, бір қос қате жіберді және 16 мүмкіндіктің 5-еуін ғана брейкке айналдыра алды. Ал Таунсенд бес эйс, алты қос қате жасап, 11 брейк-пойнттың 5-еуін сәтті пайдаланды.

Майами WTA, Хард 1\32

Таунсенд – Путинцева – 7:6, 1:6, 6:1

Үшінші айналымда америкалық теннисші Қытайдың 2024 жылғы Олимпиада чемпионы, әлемнің 9-ракеткасы Чжэн Циньвэньмен кездеседі.

Сондай-ақ оқыңыз: Майамидегі сенсация. Рыбакина әлемнің 40-ракетесіне жеңіліп, турнирден ұшып кетті

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie