locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үстел теннисінен Азия чемпионатының финалдық ойындарын тамашалады

ФОТО:  КАЗСПОРТ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үстел теннисінен Азия чемпионатының финалдық ойындарын тамашалады

Астанада 7-13 қазан аралығында өткен Үстел теннисінен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарысқа 26 елден 210 спортшы қатысты.

Мемлекет басшысы чемпионаттың жекелей және жұптық финалдық кездесулерін тамашалады.

Турнирде Олимпиада және Әлем чемпиондары да бақ сынады. Жарыс «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді. Медаль саны бойынша Жапония құрамасы көш бастады (8 медаль), Қытай екінші орынды иеленді (4 медаль), ал Солтүстік Корея үздік үштікті түйіндеді (4 медаль).

Қазақстанның ерлер құрамасы турнирді 7-орынмен аяқтады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie