locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Попко Таллахасси қаласындағы челленджер турнирінің 1/8 финалына шықты

Теннис 15 сәу 2025 13:54
Айдана Смагулова
Айдана Смагулова
Попко Таллахасси қаласындағы челленджер турнирінің 1/8 финалына шықты
ФОТО: ATP

15 сәуір күні Дмитрий Попко Таллахассидегі өтетін челленджер турнирінің 1/8 финалына жолдама алды. Ол бразилиялық Даниэль Дутра да Силваны жеңіп шықты.

Ойын 2 сағат 11 минутқа созылып, Попконың 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Бірінші сетте қазақстандық теннисші тай-брейкте 7(7):6(2) есебімен басым түссе, екінші сетте 6:4 нәтижесімен жеңіске жетті.

Челленджер. Таллахасси. Топырақ. 1/16 финал. 15 сәуір

Дмитрий Попко (Қазақстан) — Даниэль Дутра да Силва (Бразилия) — 7(7):6(2), 6:4

Енді Дмитрий Попко турнирдің 1/8 финалында өнер көрсетеді. 16 сәуір күні ол люксембургтік Крис Родешпен кездеседі. Родеш ATP рейтингінде 239-орында тұр, ал Попко — 161-орында.

Еске салсақ, 7 сәуірде Дмитрий Попко Мексикада өткен челленджер турнирінің финалында швейцариялық Марк-Андреа Хюслерге жол беріп, чемпион атана алмады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie