Новак Джокович Сауд Арабиясында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында жорығын тоқтатты
2024 жылғы Олимпиада чемпионы Новак Джокович Сауд Арабиясында өтіп жатқан Six Kings Slam турнирінің жартылай финалында жеңіліске ұшырады.
Финалға шығу үшін серб теннисшісі әлемнің бірінші ракеткасы, итальяндық Янник Синнермен кездесті. Бірінші сетте Синнер 6:2 есебімен жеңіске жетсе, екінші сетте Джокович тай-брейкте 7:6 (7:0) есебімен басым түсті. Алайда шешуші үшінші сетте 6:4 есебімен тағы да Синнер жеңіске жетті.
Финалда Синнер испандық Карлос Алькарасқа қарсы ойнайды, ол бұған дейін Рафаэль Надальды жеңген болатын.
Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры 13,5 миллион долларды құрайды, ал жеңімпаз 6 миллион доллар алады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Бельгиядағы турнирдің жартылай финалына шықты.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52