Недовесов экваторлық жұбымен бірге ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты
Уинстон-Салем (АҚШ) қаласында ATP 250 турнирінің жұптық сыны бойынша 1/8 финал ойындары өтуде.
Қазақстандық Александр Недовесов Гонсало Эскобармен бірге үш сетке созылған қиын кездесуде жеңіске жетті. Оларға нидерландылық Уэс Колхов пен хорватиялық Никола Метич қарсы тұрды. Қарсыластарын жеңген қазақстандық-экваторлық жұп ширек финалда америкалық Лука Пау мен үндістандық Дхакшинесвар Суреш жұбымен кездеседі.
Уинстон-Салем, 1/8 финал, 20 тамыз
Александр Недовесов (Қазақстан) / Гонсало Эскобар (Эквадор) – Уэс Колхов (Нидерланд) / Никола Мектич (Хорватия) – 7:6(7:1), 6:7(4:7), 11:9.
Спортшылар кортта 1 сағат 58 минут өткізді
Айта кетейік, Александр шетелдік серіктесімен екінші жыл бірге ойнауда. Гонсаломен бірге қазақстандық 3 рет ATP турнирінің жеңімпазы атанды.
Қазақстандық-экваторлық дуэттің келесі кездесуі 22 тамыз күні Астана уақытымен 23:00-ге жоспарланған.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20