Миллиардтаған табыстар: Елена Рыбакинаның 2024 жылғы қаржылық жағдайы белгілі болды
Елена Рыбакинаның 2024 жылғы табыстары анықталды.
Биыл қазақстандық теннисші WTA 500 санатындағы үш ірі турнирде жеңіске жетті. Оның ішінде маусымды Брисбенде (Аустралия) жеңіспен ашып, 220 мың доллар сыйақыға ие болды.
Кейінірек Рыбакина Әбу-Дабиде (БАӘ) өткен турнирде топ жарып, табысына 142 мың доллар қосты. Маусымның ең айтулы жетістіктерінің бірі Штутгарттағы (Германия) жарыс болды, онда финалда Марта Костюкты жеңіп, 123 480 доллар табысқа қол жеткізді.
Осы үш жарыстағы жеңістері үшін Рыбакина 485 480 доллар табыс тапты. Айта кетсек, жыл бойы ол 15 турнирде өнер көрсетіп, әрбір жеңісті матч үшін де сыйақы алды.
WTA қорытынды турнирінде қазақстандық теннисші 685 мың доллар көлемінде жүлдеге ие болды.
2024 жылы Рыбакинаның жалпы табысы 3 876 915 АҚШ долларына жетті, бұл қазіргі валюта бағамы бойынша шамамен 1,9 миллиард теңгені құрайды.
Бұл көрсеткішке жарнамалық келісімдер мен көрмелік турнирлерден түскен табыстарын да қосуға болады, дегенмен бұл деректер көпшілікке ашық жарияланбайды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52