Михаил Кукушкин Ноттингемдегі турнирдің финалына бір қадам жетпей тоқтады


Қазақстандық теннистің аңызға айналған өкілі Михаил Кукушкин Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өткен ATP Challenger турнирінің финалына шыға алмады. Жартылай финалда ол Люксембург өкілі Крис Родешке тартысты үш сеттік кездесуде жол берді - 6:7 (5), 6:3, 3:6.
Алғашқы сет тепе-тең күреспен өтіп, тай-брейкте Родештің сәттілігі басым түсті - 7:6 (7:5). Екінші сетте Кукушкин басымдығын көрсетіп, есепті теңестірді - 6:3. Алайда шешуші партияда қарсылас тағы да ойын тізгінін өз қолына алып, матчты өз пайдасына аяқтады - 6:3.
ATP Challenger Ноттингем. Көгал. Жартылай финал (жекелей сын)
Михаил Кукушкин (Қазақстан) — Крис Родеш (Люксембург) — 6:7 (5), 6:3, 3:6
Жекелей сыннан бөлек, Кукушкин Илкли қаласында өткен тағы бір турнирге қатысып, үндістандық теннисші Дивиж Шаранмен жұптық сайысқа шықты. Қазақстан-Үндістан дуэті ширек финалға дейін жетіп, шешуші үшінші сетте қарсыластарына есе жіберді.