locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Михаил Кукушкин қиындықпен Бресттегі турнирдің екінші айналымына өтті

ФОТО:  Getty_images
Михаил Кукушкин қиындықпен Бресттегі турнирдің екінші айналымына өтті

Қазақстандық Михаил Кукушкин Брестте (Франция) өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына өтті.

Тәжірибелі теннисші 20 жастағы литвалық Эдвас Бутвиласты қиындықпен 6:4, 4:6, 7:6 есебімен жеңді.

Матч барысында Кукушкин 15 брейкпойнтқа ие болып, оның 13-ін сәтті орындады, ал Бутвилас қарсыласының берілісін кезінде 10 мүмкіндіктің 8-ін пайдалана алды.

Жеңіске жету үшін Кукушкинге (әлемнің 111-ракеткасы) 2 сағат 44 минут қажет болды. Оның қарсыласы Эдвас Бутвилас (256-ракетка) Михаилдан 17 жас кіші.

Кукушкиннің келесі қарсыласы испандық Карлос Табернер мен француз Грегуа Баррердің кездесуінің жеңімпазы болады.

Бұған дейін, Дмитрий Попко АҚШ-тың Оңтүстік Дакота штатындағы Су-Фолс қаласында өткен Челленджер турнирінің бірінші айналымынан ұшып кеткен болатын.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie