locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Мен кортта өз ойынымды жасаймын». Бублик Мадридте Рублевті сенсациялық түрде жеңгенін бағалады

Теннис 27 сәу 2025 10:39
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Мен кортта өз ойынымды жасаймын». Бублик Мадридте Рублевті сенсациялық түрде жеңгенін бағалады
ФОТО: Tennis TV

Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP 1000 санатындағы Madrid Open турнирінің үшінші айналымында ерекше ойын көрсетіп, әлемнің сегізінші ракеткасы, аталмыш турнирдің былтырғы чемпионы Андрей Рублевты сенсациялық түрде жеңіп шықты. Үш сетке созылған кездесуде Бублик жеңіске жетті.

Бұл жетістік Александр үшін бірнеше себеп бойынша тарихи сәтке айналды. Біріншіден, ол турнир тарихында былтырғы чемпионды оның алғашқы кездесуінде жарыстан шығарған тек екінші ойыншы атанды. Бұған дейін мұндай жағдай тек 2004 жылы португалиялық Луис Орнеге ғана бұйырған еді.

Екіншіден, Бублик «Мастерс» деңгейіндегі турнирде алғаш рет әлемнің үздік ондығына кіретін теннисшіні ұтты. Бұған дейін осындай жеті кездесуде қазақстандық теннисші жеңіліс тапқан болатын, сондықтан бұл жеңістің бағасы айрықша.

Матчтан кейін Александр жеңісінің кілтіне тоқталып өтті.

«Андрейдің физикалық дайындығы, тәртібі, тұрақтылығы жағынан мені басып озатыны анық. Бірақ мен - мүлде бөлек ойыншымын. Мен кортта өз ойынымды жасаймын. Маған оны өз ырғағынан шығарып, өз стиліммен ойнауға мәжбүрлеу маңызды болды. Бүгін бұл тактика мінсіз жұмыс істеді», - деді Бублик.

Ол сондай-ақ қарсыласына деген құрметін де білдірді.

«Біз Андреймен жиырма жылға жуық таныспыз. Онымен ойнау - әрқашан ерекше тәжірибе. Бұл жеңіске қуаныштымын, бірақ біздің қарым-қатынасымыз өзгермейді».

Енді 1/8 финалда Бублик америкалық Бен Шелтон мен чехиялық Якуб Меншик арасындағы кездесудің жеңімпазымен кортқа шығады. Жалпы жүлде қоры 9 миллион еуроға жуықтайтын турнир 4 мамырға дейін жалғасады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie