Майамидегі сенсация. Рыбакина әлемнің 40-ракетесіне жеңіліп, турнирден ұшып кетті
Теннис
20 нау 2025
15:14

Аружан Темірбек
Редактор

ФОТО: Getty images
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан беделді WTA-1000 турнирінің үшінші айналымына шыға алмады. Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 40-орында тұрған америкалық Эшлин Крюгерге жол берді. Матч 1 сағат 50 минутқа созылып, үш сетте аяқталды.
WTA-1000 Майами. Хард. 1/32 финал
Эшлин Крюгер (АҚШ) — Елена Рыбакина (Қазақстан) — 6:4, 2:6, 6:4
Бұл қос теннисшінің алғашқы кездесуі болды, және Крюгер сенсация жасап, турнирдің басты фавориттерінің бірін жарыстан шығарды.
Рыбакинаның жарыс жолынан ерте кетуіне қарамастан, басқа қазақстандық теннисшілер жарысты жалғастыруда. Еске сала кетейік, бұған дейін біз Майамиде Александр Бубликтың жеңісі жайлы жазған едік.
Танымал жаңалықтар

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек