«Маған ешқанадай мүмкіндік қалдырмады». Зарина Дияс Серена Уильямсқа қарсы бірінші тәжірибесі туралы айтып берді


Қазақстандық теннисші Зарина Дияс kana beisekeyev YouTube арнасындағы подкастта Серена Уильямсқа қарсы ойнаған тәжірибесі туралы айтып берді.
«Мен Серенаға қарсы алғаш рет 2015 жылы Индиан-Уэллсте, әлемдегі екінші ең үлкен стадионда ойнадым. Толық трибуналар, кешкі матч. Серена ол кезде әлемнің бірінші теннисшісі болды, керемет формада. Мен орталық кортқа шықтым да, өзіме сенімсіз болдым, ол кезде әлі де тәжірибесізмін. Ал Серена - менің кумирім. Ол маған ешқандай мүмкіндік қалдырмай 6:2, 6:0 есебімен жеңіп кетті», - деп бөлісті теннисші.
Зарина Дияс – Қазақстанның бұрынғы бірінші нөмірлі теннисшісі. Ол «Үлкен Дулыға» турнирінің 1/8 финалына шыққан тұңғыш қазақстандық теннисші. Қазір ол әлемдік рейтингте 326-шы орында тұр.
Бұған дейін Зарина Дияс теннистегі легионерлерге деген көзқарасын білдіріп, олардың спортты танымал етудегі рөлін бөлек атап өтті.

Футбол
Кеше 23:21