Ломакин Египеттегі турнирдің ширек финалында жұптық разрядта жеңіліп қалды
Теннис
26 қыр 2024 09:47
Александр Шарадкин
sports24 сарапшы
Ломакин Египеттегі турнирдің ширек финалында жұптық разрядта жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Египет Шарм-Эль-Шейхте өткен ITF M50 турнирінде жұптық разрядта өнер көрсетті.
Ширек финалдық кездесуде Ломакин және оның серіктесі Никита Панин үнділік Ариан Лакшман мен голландиялық теннисші Ролан Стурманға жол берді. Екі сеттік матч бір сағат 43 минутқа созылып, Үнді-голландиялық жұптың пайдасына 6:7, 6:7 есебімен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ломакин жұптық разрядта Тунис Монастиріндегі ITF турнирінің финалына жеткен болатын.
ATH M50, Шарм-эль-Шейх, Египет
26 қыркүйек
Григорий Ломакин(Қазақстан) / Никита Панин (3) - Ариан Лакшманан (Үндістан) / Ролан Стурман (Нидерланды) - 6:7 (3:7), 6:7 (5:7).
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52