Әлемнің 17-ші ракеткасы жарақатына байланысты US Open турниріне қатыспайды
Әлемнің 17-ші ракеткасы, Тунис елінің өкілі Онс Жабер жарақатына байланысты АҚШ ашық чемпионатында ойнамайды. 29 жастағы теннисшінің орнына бельгиялық 28 жастағы Элиза Мертенс (#35) қатысады – деп хабарлады US Open ресми аккаунты.
Алдағы АҚШ ашқы чемпионатына қатыса алмайтыны жөнінде теннисші пікір білдірді:
"Өкінішке қарай, менің иығым US Open-ге дайын емес. Мен өзімді 100 пайыз көрсеткім келеді, бірақ қазіо бұл мүмкін емес. Өмірде жоғарылау мен құлдырау бар, бірақ кейде ең жағымсыз сәттерден де позитив табуымыз керек. Биылғы жыл мен үшін өте қиын болды, бірақ мен бір жерде қуаныш бар екенін білемін. Мен әдеттегідей күлімсірей беремін, өйткені мен отбасыма, демеушілеріме және мені үнемі қолдайтын жанкүйерлерге ризамын. Сіздің маған көрсеткен қолдауыңыз үшін әрқашан ризамын.
Егер сіз осы жазбаны оқып жатсаңыз және маған тезірек сауығып кетуімді тілесеңіз, мен оны шын жүректен бағалаймын және мен мүмкіндігінше тезірек оралуға уәде беремін".
Екі жыл бұрын Жабер АҚШ ашық чемпионатының финалында Ига Швентектен жеңілген болатын. Ал өткен ол ширек финалға дейін жетті.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20