locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Құламбаева италиялықпен жұптасып Бразилияда өткен турнирде сенімді жеңіске жетті

ФОТО: Google

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева италиялық Николь Фокса Уэргомен бірге Бразилияның Сан-Паулу қаласында өтіп жатқан ITF W75 турнирінің 1/8 финалында матч өткізді.

Дебюттік жекпе жегінде Құламбаева мен Уэрго екі сетте аргентиналық Джульетта Стейбл мен чилилік Фернанда Лабрананы жеңді 2:0 (6:1, 6:1).

Бұған дейін қазақстандық-италиялық дуэт Аргентинада өткен ITF W50 турнирінде финалға жетіп, Каролина Альвес (Бразилия) мен Юлия Риерадан (Аргентина) ұтылған еді.

Сондай-ақ, біз Попконың Аргентинадағы Челленджердің 1/8 финалына шыққанын хабарладық.