locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Құламбаева Бразилиядағы турнирдің жұптық сынында жартылай финалға шықты

Sports.kz. Жибек Куламбаева

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева мен оның италиялық жұбы Николь Уэрго Бразилияның Сан-Паулу қаласында өтіп жатқан ITF W75 турнирінің жартылай финалына шықты.

Ширек финалдық матчта Құламбаева мен Уэрго жергілікті теннисшілер Камилла Босси мен Летисия Видалды жеңді. Жеңіске жету үшін қазақстандық-италиялық жұпқа екі сет жеткілікті болды – екеуі де бірдей 6:2 есебімен аяқталды.

Жартылай финалда Жібек Құламбаева мен Николь Уэрго боливиялық Ноэль Севальос пен тағы бір бразилиялық теннисші Таиса Педреттиге қарсы ойнайды.

ITF W75, Сан-Паулу, Бразилия

Жұптық сын, ширек финал

Камила Росси/Летисия Видал (Бразилия) - Жібек Құламбаева (Қазақстан)/Николь Уэрго (Италия, 2) - 2:6, 2:6