locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Кукушкин жеңіспен бастады: Уимблдон-2025 іріктеуінде қазақстандық теннисшінің сенімді бастамасы

Михаил Кукушкин беделді турнирдің іріктеу кезеңінің екінші айналымына жолдама алды
Теннис 23 мау 2025 08:31
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Кукушкин жеңіспен бастады: Уимблдон-2025 іріктеуінде қазақстандық теннисшінің сенімді бастамасы
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин 2025 жылғы Уимблдон турнирінің іріктеу кезеңін жеңіспен бастады.

Алғашқы айналымда ол Бразилия өкілі Тьягу Зайбот Уайлдпен кездесіп, тартысты өткен матчта 4:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу ұзақтығы - 2 сағат 11 минут.

Ұлыбритания. Уимблдон, ATP – Іріктеу кезеңі

Уайлд – Кукушкин - 4:6, 6:4, 6:3

Қазіргі уақытта Кукушкин әлемдік ATP рейтингінде 190-орында тұр. Онымен бірге Уимблдонның іріктеуінде Қазақстанның атынан Тимофей Скатов пен Бейбіт Жукаев та өнер көрсетіп жатыр. Ал Дмитрий Попко жарысты алғашқы айналымда аяқтады. Айта кетейік, Скатов іріктеуді жеңіспен бастап, келесі кезеңге өтті.

Уимблдон-2025 турнирінің негізгі сеткасында Қазақстан атынан Александр Бублик пен Александр Шевченко бақ сынайды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie