Кукушкин Ролан Гаррос іріктеуінде небәрі екі гейм алып, жеңіліп қалды
Теннис
20 мам 2025
12:02

Дамир Кошечкин
Журналист

ФОТО: ktf.kz
Әлемдік АТР рейтингінде 163-орында тұрған Михаил Кукушкин 2025 жылғы Франция ашық чемпионатының (Ролан Гаррос) іріктеу кезеңінің жартылай финалына шыға алмады.
Іріктеу кезеңінің алғашқы айналымында тәжірибелі қазақстандық теннисші француз Жоффре Бланканоға 0:2 есебімен (1:6, 1:6) есе жіберді.
Матч бір сағат алты минутқа созылды.
Ролан Гаррос. Іріктеу
Жоффре Бланкано (Франция) – Михаил Кукушкин (Қазақстан) – 2:0 (6:1, 6:1)
Келесі кезеңде Бланкано бразилиялық Тьяго Сейбот Уайлдпен кездеседі.
Танымал жаңалықтар


Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек