Кұламбаева Аргентинадағы турнирде бірінші ракетканы жеңді
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Аргентинаның Пилар, Буэнос-Айрес қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің үшінші кезеңінде бірінші ракетка, жергілікті спортшы Хулия Риераны жеңді.
24 жастағы Құламбаева екі сағаттық кездесудің алғашқы сетінде 6:3 есебімен сенімді жеңіске жетті, алайда екінші сетті 22 жастағы Риерадан бірде-бір гейм ұтпай, 0:6 есебімен жеңілді. Дегенмен, шешуші үшінші сетте қазақстандық теннисші 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Пилардағы турнирдің ширек финалында Жібек Куламбаева испандық теннисші Ирен Бурильомен кездеседі. Бурильо екі сетте бразилиялық Каролина Алвесті жеңді.
ITF W50, Пилар, Буэнос-Айрес, Аргентина, үшінші кезең
26 қыркүйек
Хулия Риера (Аргентина, 1) - Жібек Құламбаева (Қазақстан, 15) - 3:6, 6:0, 4:6.
Хоккей
Бүгін 04:02
Басқа спорт түрлері
Бүгін 03:34
Формула-1
Бүгін 02:34