locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Кирилл Герасименко үстел теннисінен WTT Champions турнирінде жеңіліп қалды

Кирилл Герасименко үстел теннисінен WTT Champions турнирінде жеңіліп қалды

Макаода әлемдік үстел теннисі жұлдыздарының қатысуымен WTT Champions турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды.

Аталған сынға қазақстандық Кирилл Герасименко де қатысты.

Ол 1/16 финалда командалық сында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Симон Гаузимен (Франция) кездескен болатын.

Өкінішке қарай, қазақстандық теннисші 2:3 есебімен қарсыласқа жол берді.