locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Карлос Алькарас: Кейбір хабарламалар расымен қорқынышты

Әлемнің екінші ракеткасы әлеуметтік желідегі хейт жайлы айтты
Теннис 17 мау 2025 23:44
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Карлос Алькарас: Кейбір хабарламалар расымен қорқынышты
ФОТО: Getty Images

«Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін чемпионы, испаниялық Карлос Алькарас әлеуметтік желілерде спортшыларға жасалатын қысым жайында пікір білдірді, деп хабарлайды Punto de Break.

«Мен де ондай хабарламалар аламын. Кейбірі расымен жабайы. Кейбірін тіпті келтіргім де келмейді – өте ауыр, кейде тіпті қорқынышты. Әсіресе жеңілгеннен кейін көп хат келеді. Жақсылары да бар, бірақ жаман, ауыр жазбалар да болады. Мен бұл туралы ойламауға тырысамын. Тәжірибе арқылы бір нәрсені түсіндім: матчтан жеңілгеннен кейін әлеуметтік желіге жиі кірмеу керек. Өйткені, мысалы, бірінші айналымда жеңілген кезімде кіріп, бір жағымсыз пікірді оқып қойсам, ол мені қатты шаршатып жіберетін. Бұл жағдаймен күресу қиын. Сондықтан қазіргі таңда, егер бәрі керемет болмай жатса, желіге көп кірмеймін», – деді Алькарас.

Ол сонымен қатар мұндай хейтімен көп ойыншының бетпе-бет келетінін айтты:

«Біз кәсіби спортшылар ретінде мұнымен өмір сүруге мәжбүрміз. Егер бір кеңес беретін болсам – қиын сәттерде әлеуметтік желіден аулақ болыңыз. Өйткені кейбір адамдар шын мәнінде қауіпті».

«Его жұлдызды күндері артта қалды» – Кафельников Медведевтің мансабындағы құлдырау туралы айтты.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie